Жұмыспен қамту бағытында «Self-made» жобасы жүргізілуде.
Мұндай тың ақпарат көздерін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Бескемпіров Шыңғыс Жұмағалиұлы мәлімдеді.
Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Шыңғыс Жұмағалиұлының айтуынша, басқа да жастарға ықпалды көмектесудің бір жолы әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асыру. Жүйелі жұмысты арттыру мақсатында, жастармен жұмыс жасаудың жобалық тәсілі қолданылуда. 2017 жылы 27 жастар жобасы жүргізілуде. Ол жобаның жартысынан көп бөлігі «Self-made» жобасы секілді жастарды жұмыспен қамту бағытында жүргізілуде.
«Self-made» жобасы төмендегідей бағыттар бойынша жұмыс атқаруда:
- 100 ден астам компания, 1500 жұмыс іздеушілер қатысқан 2 жұмыс жәрмеңкесі өткізілді;
- Жоғарғы оқу орындарымен Орта оқу орындары түлектеріне тағылымдама жұмыстары өткізілді;
- Жобаның жұмысының артуы үшін 2 «Бейімдеу орталығы, ауыл жастарының біліктілігін арттыру және профессионалды дайындау» орталықтары ашылды;
- Ауыл жастары және ауылдан келген жастарға арналған орталықтарда юристік кеңес беру, психологиялық көмек, компьютер құрылғыларын еркін меңгеру, ағылшын тілі, дизайнер ісі, ораторлық шеберлік арттыру секілді қосымша курстар өткізіледі;
- «Даму» фонды, «Жилстройсбербанк», ҰКП «Атамекен», ХҚКО секілді жергілікті атқарушы органдар өкілдері, тұрақты түрде, жастармен кездесу шараларын өткізді. 10 нан астам кездесу жұмыстары жүргізілді;
- Халық арасында жастар орталықтарын дамыту және жастардың орталықтарына қызығушылығын арттыру мақсатында 2000-нан астам брошюр-кітапшалар таратылды;
- орталықтарды дамыту үшін, БАҚ және әлеуметтік желілерде жасалған жұмыстары таныстырылып отырды.
- жоба аясында жасалған 5 видеоролик, жергілікті телеарна мен әлеуметтік желілерде белсенді түрде таратылып отырды.
- бюджеттік және коммерциялық ұйымдар, сонымен қатар, ұжымдасқан кәсіптік жастарға әртүрлі форматта кеңес беру іс-шаралары өткізілді,-деп сөзін қорытындылады Шыңғыс Жұмағалиұлы.